Текст
Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел негізгі мектебінде 2-12 ақпан аралығында Сара Алпысқызының туған күніне орай «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық» декадасы(онкүндігі) өтті.
Мақсаты: Құндылықты бағдарлар арқылы балалар мен жекіншектердің рухани-адамгершілік білімін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін,өзін-өзі тануға ұмтылысын дамыту.
Көптеген іс-шаралар өтті соның ішінде Өзін-өзі тану онкүндігінің соңғы күнінде мектеп спортзалында бастауыш сынып оқушыларының арасында «Құндылықтар сау денеде гүлденеді» атты спорттық жарыс өткізілді. Оны ұйымдастырып жүзеге асырған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нигметов Алибек Жанайдарович. «Бүркіт» пен «Сұңқар» топтарының арасындағы жарыс өте қызықты өтті.