Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел негізгі мектебінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық» онкүндігіне орай сыныптарда «Мейірімділік – жан шуағы» тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел негізгі мектебінде өзін-өзі тану декадасының екінші күні мектеп кітапханашы Абдимуратова Р.Ж. «Құндылықтар қазынасы» деп аталатын адамгершілік тақырыбына жазылған шығармаларға байланысты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Өзін-өзі тану онкүндігі аясында Жарқайың ауданы Тасөткел негізгі мектебінде Бибатырова Н.Қ. мен Ағайдарова А.Қ. ұйымдастыруымен «Әлемге ризашылықпен күлімде» қабырға газеті шығарылды.
Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел негізгі мектебінде өзін-өзі тану онкүндігі аясында мектеп психологі Жанғылышев С.Н «Өмір, сен маған қымбатсын!» психологиялық тренингін өткізді.