Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке
Кітаптар мен оқулықтар білім көзі, рухани қазына.
Тасөткел негізгі мектебінде 18-20 қаңтар аралығында мектеп оқулықтарының сақталуы бойынша рейд өткізілді.
Рейдтің мақсаты- оқушыларды оқулықтармен дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету.
Тексеру 1-9 сыныптар аралығында өткізілді. Сабақта оқулықтардың болуы, мұқабаның болуы, сондай-ақ оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді. Шараға 5-сынып оқушылары қатысты.
Тексеру нәтижесінде келесі қорытындылар жасалды:
Оқушылардың көпшілігі оқулықтарды жақсы жағдайда ұстайды, оларды мектеп кестесіне сәйкес алып жүреді және тамыз айында оқулықтарды алған кезде барлық оқушылар танысқан оқулықты пайдалану ережелеріне сәйкес оның санитарлық жағдайын қадағалайды. Оқулықтары мұқабасы жоқ немесе ұсақ жөндеуді қажет ететін оқушылармен рейд барысында сыныптарда айтылды. Кітап дүниеге оңайлықпен келмейді, оған да зор еңбек сіңіріледі. Сол қасиетіне орай оның бағалылығы артады.
Рейд барысында оқушыларға мектеп кітапханасынан оқулықтарды пайдаланудың негізгі ережелері туралы және оқулықтарды бүлдіргені және жоғалғаны үшін жауапкершілік туралы тағы да еске салынды.